Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері XIII Жазғы Универсиадада жоғары нәтижелер көрсетіп, университет абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Әйелдер күресі бойынша бақ сынаған Зарина Мұрадасыл алтын медальға, ал Нұрбибі Улугбекова қола медальға ие болды. Бұл жетістік – спортшылардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушылардың жүйелі дайындығының нақты нәтижесі.

Ауқымды спорттық додаға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысып, бірнеше спорт түрінен жарыстар өткізілуде.

Жазғы Универсиада – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және спорттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттердің біліммен қатар спорт саласында да биік белестерді бағындыруына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Университет ұжымының атынан жеңімпаз студенттерімізді құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!