Фото: Astana News телеграм арнасы
Биыл наурыз айынан бастап Астананың барлық бес ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша жүйелі негізде рейдтер жүргізіліп жатыр. Осы уақыт ішінде қала бойынша мыңдаған сауда орны тексеріліп, жүздеген бұзушылық анықталды, деп хабарлайды KAZINFORM елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сарыарқа ауданы бойынша жыл басынан бері вейп пен насыбайды заңсыз сатудың 70 фактісі анықталды. Сауда орындарына 3 645 850 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, төрт қылмыстық іс қозғалды.
Кезекті рейд кезінде Есіл ауданында шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді сатудың 15-ке жуық фактісі анықталды. Олар заңсыз сауда жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Байқоңыр ауданы бойынша іс-шаралар барысында Ж.Омаров, А. Иманов, Кенесары, А.Янушкеевич, Ш.Уәлиханов, А.Сембинов, Отырар, М.Лермонтов, Алаш тасжолы, Сырдария, С.Сейфуллин, А.Жангелдин, Тараз, Ж.Досмұхамедұлы, Жетіген, Ақжол, Т.Хусейн, А.Кравцова, А.Бараев көшелерінде орналасқан 262 кәсіпкерлік нысан бойынша темекі шекпейтін темекі өнімдерін заңсыз сату тұрғысынан профилактикалық түсіндіру жүргізілді.
Рейд нәтижесінде 9 сауда нүктесіне 25 АЕК айыппұл салынды, сонымен қатар 5 заңсыз сақтау орны табылды, онда шамамен 4 тонна насыбай тәркіленді.
Жыл басынан бастап 15 маусымға дейін Нұра ауданы бойынша вейп пен снюстің заңсыз саудасының 8 фактісі анықталды. Бұзушыларға 369 200 теңге айыппұл салынды.
Алматы ауданында рейдтер барысында 200-ден астам нысан тексерілді.
Полицейлер 64 заңбұзушылықты анықтады, оның ішінде:
– Шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 42 фактісі (насыбай). Барлық факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып әкімшілік хаттамалар жасалды.
– Мекемелерде темекі өнімдерін (кальян) тұтынудың 21 фактісі, ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды;
– Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатудың 1 фактісі үшін ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік хаттама жасалды.
Тіркіленген темекі өнімдері жойылды.
Іс-шаралар барысында шағын және орта бизнес иелерімен шегілмейтін темекі өнімдерін сатуға жол бермеу туралы профилактикалық түсіндіру жүргізіледі.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!