Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Астанада өткен дөңгелек үстел кулуарында Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдіріп, келтірілген шығынның алдын ала мөлшерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Іс аяқталды, таныстыру процесі бітті, қазір өтінішті қабылдау және оларға жауап беру рәсімі жүріп жатыр. Істі бірнеше күннен кейін прокуратураға жолдаймыз», – деді Жеңіс Елемесов.

Қаржылық мониторинг агенттігі өкілі бұл істе жәбірленушілер көп екенін атап өтті.

«Жәбірленушілер саны – жеке тізім бере аламын, олардың саны өте көп. (Келтірілген шығын көлемі шамамен – ред.) 3,5 млрд теңге», – дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігі “Biz Birgemiz” қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталғанын растады.

Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева әрекеттері сарапталып, олар аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін күдікті деп танылды.

ҚМА дерегіне сәйкес, қылмыстық іс 100 томнан тұрады, әр томда 180 бет бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!