Фото: Ашық дереккөзден
«Бармысың, бауырым?» хабары арқылы шетелдіктер асырап алған екі бала өз туғанын тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл туралы Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бағдарламаның өткен сандарында Роза Багусова есімді кейіпкер өз оқиғасын баяндап, ата-анасын іздеп келгенін айтқан еді.
Бір аптадан соң бағдарлама редакциясы Розаның анасы да, әкесі де табылғанын хабарлады.
«Бұған дейін біз Жәнібектің арқасында 4 баланың анасын тапқанымызды айтқан болатынбыз. Бүгін «Бармысың, бауырым» студиясында тағы екі баланың ата-анасын, жақындарын таптық. Эфир арқылы тілдестірдік»,
Бұл екі бала – Роза және Нұрлан. Арқалық қалалық балалар үйінен қос қазақ баласын шетелдік отбасы асырап алынған.
Қымбат Досжанның айтуынша, екеуі екі түрлі отбасынан шықса да бір отбасыға түсіп, ағалы-қарындастай өскен.
Розаның анасы да, әкесі де табылған. Студияға бойжеткеннің туысы келген. Ал Нұрланға туған анасымен тілдесетіндей мүмкіндік туған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!