Фото: Видеодан скриншот

1 мамырдағы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет жарияланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі AtyrauPress-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 1 мамырда сағат 8-дегі мәліметпен Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді.

Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 718 см, деңгейдің +25 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см құрайды.

Махамбет кенті 779 см деңгейінде, тәулігіне + 15 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 462 см құрайды.

Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 451 см, тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 5 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 260 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 1 мамырда Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!