Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында жалған ақша жасау фактісі бойынша бір топ қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ адамды анықтады», деді қаржылық мониторинг агенттігі.

Қылмыскерлердің бірінен жалпы сомасы $28,1 мың АҚШ долларды тәркіленген. 

«Заң бұзушылар ұсталды, тергеуге қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!