Фото: Ағыбай Аяпбергенов

KAZINFORM – 2026 жылғы 2 қаңтар сағат 09:00-де республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскесінде (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мекемесі хабарлады.

Айта кетейік, Қазгидромет бүгін еліміздің барлық өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Сондай-ақ Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайтыны хабарланды. 

— 2026 жылғы 2 қаңтарда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!