Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова «митингке үндегені үшін» депортация жасалатыны айтылған еді. Бүгін блогер Жан Ахмадиев Бақыттың елде қалатынын оқырмандарынан сүйінші сұрап жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Сүйінші, Қазағым! Алла қаласа, Бақыт елде қалатын болды. Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы, парламент депуттары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы арқылы түсірген өтінішхаттарымыз облыс прокуратурасымен назарға алынып, Бақыт Реимоваға қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберумен байланысты емес жаза қолдану үшін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына кассациялық наразылық келтіру туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұсыныс жолданды. Енді прокуратураның наразылығын ЖС шегелеуі ғана қалды. Баршаңыздың қолдауларыңызға рақмет!, – деді Жан Ахмадиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!