Жандос Өмірәлиев бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарпламада.

Бұл ретте Тимур Тәшімбаев Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Жандос Өмірәлиев бас прокурордың орынбасары болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!