FlyArystan авиакомпаниясында Қызылорда-Ақтау әуе рейсі ашылады. Ұшу мерзімі 2024 жылдың 3 маусымынан бастап, аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндеріне бекітілді. Ұшу кезеңі 2024 жылдың тамыз айына дейін.
Билеттердің бағасы 9700 теңгеден басталады; билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында сатып алуға болады.
Қызылорда облысының тұрғындары FlyArystan байланыстырушы рейстерінің арқасында теңіз жағасындағы Ақтау қаласына ыңғайлы әрі қолжетімді бағада ұшып қана қоймай, сонымен қатар шетелге Грузияға (Кутаиси), Әзірбайжанға (Баку) немесе Түркияға (Стамбул) саяхаттай алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!