Мемлекеттік органмен, оның функционалдық өкілеттілігімен байланысатын жеке және заңды тұлғаның арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік кодексі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.
Яғни жаңадан қабылданған Кодекстің нормаларымен мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері, азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін, сондай-ақ қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу тәртібін регламентейттін заңнамалық акті болып табылады.
Жаңа Кодекс азаматтардың өтініштерін қарау кезінде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Яғни Кодекс күшіне енгеннен кейін бұған дейінгі «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдары өз күшін жойып, заңдармен реттелген қатынастар «Әкімшілік Рәсімдік-Процестік» кодексімен қаралып, өтініштермен жұмыс істеу идеологиясы өзгерді.
Кодексте адамдарға қолайлы болу үшін жоғары тұрған органға шағымды төменгі тұрған орган арқылы берудің жеңілдетілген тәртібі енгізілген.
Яғни, әкімшілік орган шағым түскен күннен бастап 3 күн мерзім ішінде өзінің қателігін жөндеп, істі жоғары тұрған органға жолдамай-ақ әкімшілік рәсімге қатысушы үшін қолайлы акті қабылдауға құқылы.
Бұл адамдардың бұзылған құқығын жылдам қалпына келтіріп, уақытын үнемдейді.
Екі бөліктен тұратын Кодекстің алғашқысы әкімшілік рәсімдер болса, екіншісі сот үдерісін қадағалап жүргізу.
Жаңа әкімшілік соттар құрылып, сот органдарының рөлі түбегейлі өзгерді. Азаматтардың өз құқықтарын іске асыруына байланысты кез-келген өтініші сот талқылауының тақырыбы бола алады.
Арыз иесіне оның заңды талаптарынан бас тартылған жағдайда (немесе толық қанағаттандырылмаған жағдайда) ол мемлекеттік органның мұндай шешіміне жоғары тұрған сатыға шағымдана алады, содан кейін мемлекеттік органның шешімімен келіспеген азаматтар осы сотқа талап арызбен жүгіне алады.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің мақсаты – жария-құқықтық қатынастардағы жеке тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру.
Ұйымды әкімшілік орган деп танудың басты өлшемі-бұл әкімшілік актіні қабылдауға берілген өкілеттік.
Мемлекеттік орган, егер мәселе жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын немесе міндеттерін іске асыруға бағытталған қызметке қатысты болған жағдайда ғана әкімшілік орган болады. Қалған жағдайларда мемлекеттік орган әкімшілік орган болып табылмайды.
Әкімшілік рәсімдер – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешім қабылдау және орындау жөніндегі қызметі (жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалады), сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;
Әкімшілік іс – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру барысы мен нәтижелерін және (немесе) сотта жария-құқықтық даудың қаралуын тіркеп-бекітетін материалдар;
Әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
Әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім.
Істі қарау кезінде әкімшілік орган нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қабылдайды.
Әкімшілік орган азаматқа немесе ұйымға қатысты шешім қабылдаудан бұрын ол азаматтың немесе ұйымның қабылданатын шешім туралы ұстанымын алдын-ала білдіруге мүмкіндік беруге міндетті.
Оңайлатылған әкімшілік рәсім – хабарламалар, ұсыныстар, сұрау салулар мен үн қосулар оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралады.
Хабарламаларды, ұсыныстарды, сұрау салулар мен үн қосуларды қарау кезінде өтініштерді қараудың қолданыстағы тәртібі сақталады, яғни тыңдау рәсімі жүргізілмейді, ал өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушіге әкімшілік акт қабылданбай, мәселенің мәні бойынша жазбаша жауап жіберіледі.
Арыз иесі үшін қолайлы шешім қабылданған жағдайда ғана, сондай-ақ Әкімшілік Рәсімдік-Процестік кодексінде белгілеген өзге де жағдайларда (73-б. 2-бөлігі) тыңдау өткізілмейді.
Тыңдау әртүрлі тәсілдермен жүргізілуі мүмкін (алдын ала шешімді жазбаша түрде жіберу, азаматтың немесе ұйымның ұстанымын ауызша білдіру, сондай-ақ осы рәсімді тіркеуге мүмкіндік беретін басқа әдістер).
Жеке тұлға ұстанымын ауызша білдірген жағдайда әкімшілік орган тыңдау хаттамасын жасайды.
Шағымды қарайтын орган – шағым жасалатын әкімшілік органның, лауазымды адамның, әкімшілік рәсімге қатысушының дәлелдерімен, шағымда баяндалған талаптармен байланысты емес және әкімшілік істі толық көлемде тексереді.
Шағымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік кодексте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігіндегі өзгерістер жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
М.Бозайқызы,
Қызылорда облысының Әділет департаментінің бас маманы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!