Фото: freepik.com
1 мамырда іске қосылатын “Наурыз” жаңа ипотекалық бағдарламасының кейбір шарттары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа бағдарламаның шарттары туралы эфир барысында «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов пен сату жөніндегі менеджер Мақсат Зайытов айтты. Олардың айтуынша, жаңа ипотекаға кез келген мерзімдегі депозитпен қатысуға болады, бірақ 1 миллион теңге жинақтау сомасы туралы талап сақталады.
Бардарманың әзірге белігі шарттары мен талаптары мыналар:
– мөлшерлеме: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7%, қалғандары үшін 9%.
– алғашқы жарна – 20%-дан бастап.
– несие мерзімі 19 жыл.
– өңірлерде, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында берілетін несиенің шекті мөлшері әлі анықталған жоқ.
– қатысушының соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүлкінің болмауы;
Наурыз бағдарламасы мен Отау бағдарламасының айырмашылығы:
– Наурыз бағдарламасына кез келген кезеңдегі депозитпен қатыса аласыз. Ашылғанына 18 ай толған депозит қажет емес. Дегенмен, депозитте кем дегенде 1 миллион теңге жинау шарты сақталады.
– Несие мөлшерлемесі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7% құрайды.
Еске салсақ, бұған дейін “Наурыз” бағдарламасына қатысуға өтініштер 1 мамырдан бастап қабылданатыны туралы жазған едік. Келесі жылдары бағдарламаға өтініштерді қабылдау 1 наурыздан басталады деп жоспарланған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!