Алдағы оқу жылынан бастап еліміз бойынша 133 мың студенттің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ведомствода өткен аппараттық жиналыста хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриатта оқитын жастардың шәкіртақысы 20 пайызға артады. Яғни 31 423 теңгеден 36 660 теңгеге өседі. «Магистратура бойынша 15 пайызға артпақ. 76 950 теңгеден 86 987 теңгеге өседі. Сонымен қатар докторанттардың да шәкіртақысы 15 пайызға көбейеді. Қазір 172 500 теңге болса, жаңа оқу жылынан бастап 195 000 теңгеге артады», – деді Қуаныш Ерғалиев. Осы орайда Ерғалиев жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысы өсетінін хабарлады. Еске сала кетсек, бұған дейін БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова соңғы қоңырауда мұғалімдерге гүл беруге болатынын айтқан еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!