Sputnik. Ішкі істер министрлігі паспортты ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидасына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі уақытта «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатқан бұйрық жобасында уәкілетті органға тапсырылуға тиіс паспорт жаңа паспорт ресімделген кезде дереу алынуға тиіс деп жазылған.
«Бұл ретте, паспортты уақытша пайдалану қажет болған жағдайда (жаңасын алғанға дейін) азаматтарда себебін көрсете отырып, ерікті өтініш жазу негізінде ескі паспортты қолында қалдыру мүмкіндігі болады», – делінген бұйрықта.
Бұған жарамсыз құжаттарды қайта пайдалану фактілері себеп болып отыр.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!