Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде Президентіміздің бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы рөлі мен маңызы» атты облыстық семинар өтті.

Іс-шараға техникалық және кәсіптік білім беру өкілдері, әлеуметтік серіктестік мекемелердің басшылары, ардагер ұстаздар, кәсіпкерлер, колледж түлектері мен студент жастар қатысты.
Алдымен семинар қатысушылары колледждің материалдық техникалық базасымен танысып, арнайы дайындалған көрмені аралап көрді.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов ашып, білім беру саласы мен өндірістік кадрларды даярлау бағытындағы бастамаларға сәттілік тіледі.

Іс-шара аясында оқу орны мен «СКЗ-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Жаңақорған Транзит» ЖШС, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, «Агро Сервис» Жаңақорған ЖШС арасында өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды.

Бұл меморандумдар – колледж студенттерінің нақты өндірістік тәжірибе алуына, кәсіби дағдыларын шыңдауына жол ашатын үлкен мүмкіндік.

Семинар барысында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтарының өзектілігіне қатысты мазмұнды баяндамалар тыңдалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!