16 қараша күні сағат 14.00-15.00 аралығында Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік жобасы аясында «Қармақшы Жастары» қоғамдық бірлестігі маңызды шара өткізді. Іс-шараның мақсаты «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы хақында болды.
Шараға Астана қаласының Заң консультанттар палатасының мүшесі, заңгер Тілеубай Ерлан Еркінұлы қатысып, жастарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді. Қоғамдық қабылдау «Жібек Жолы» сауда орталығында ұйымдастырылды.
Қабылдауда болған жастар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, заңгерден кәсіби кеңестер алды. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары мен азаматтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!