Қызылорда облыстық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен облыстық соттың судьясы, оқу бағдарламаларын үйлестірушісі Нұрлыбек Қосановтың төрағалық етуімен Жас судьялар кеңесінің семинар сабағы өтті.
Шарада сөз алған Қызылорда қалалық сотының судьясы, Жас судьялар кеңесінің төрағасы Е.Шекербеков, Кеңес төрағасы осы уақытқа дейін кеңеске мүше болған, судьялық өтілі 5 жылдан асқан бірқатар судьяларды мүшеліктен шығарып, судьялық қызметке жаңадан тағайындалған Қызылорда қалалық сотының судьялары М.Абилханова мен М.Ақынбектің, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы А.Зейнулланының, Сырдария аудандық сотының судьясы Д.Ералиевтың, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Сарсенбаевтың кеңеске мүше болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар жаңадан қосылған мүшелерге Жас судьялар кеңесінің Ережесін таныстырды.
Рәсімнен соң Е.Шекербеков баяндама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, 2023 жылғы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Жалпы кеңес мақсаты- жас судьялардың жұмыс не жұмыстан тыс уақытта кәсіби мінез құлық стандарттарын қалыптастыру, сот жұмысының тәжірибесін игеруге жағдай жасау, судьялардың мүдделірін қорғау және қолдау, жас судьяларға практикалық көмек көрсету, біріккен тәлімгерлікті жүзеге асыру болып табылады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!