Қазалы қаласындағы №67 сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді. Жаңадан отау құрған Жігер Русланұлы мен Меруерт Болатқызы отбасын құрған күні өз таңдауын жасады.
Жас жұптың өмірінде бұл алғашқы саяси науқанға қатысуы емес. Олар бұған дейінгі өткен сайлауларға да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасаған.
– Еліміздің жарқын болашағы үшін саяси науқанда өз таңдауымызды жасаймыз деп бірге шешім қабылдадық. Бұл біздің азаматтық борышымыз, – деп атап өтті Жігер Русланұлы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!