фото: ашық дереккөзден алынды
Иннополис университетінің студенттері 40 мыңнан астам хош иіс үйлесімі мен қолданушы пікірлерін сараптай отырып, парфюм жасайтын нейрожүйе ойлап тапты. Жасанды интеллект жасаған бұл иіс адамдардың көпшілігінде эмоционалдық әсер тудыратын әмбебап хош иіс бола алады, – деп хабарлайды Аikyn.kz «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.
AI Spirit деп аталатын жобаны Иннополис университетінің студенттері құрған. Олар SD-1 (Synthetic Dream) деп аталатын «сингулярлы парфюмнің» алғашқы нұсқасын таныстырды – бұл әтір жасанды интеллект көмегімен жасалған алғашқы иістердің бірі.
Нейрожүйе әлемдегі ең танымал 40 000 әтірдің құрылымын және пайдаланушы пікірлерін зерттей отырып, әмбебап тартымдылық формуласы табуға тырысқан.
– Біздің команда хош иістің тартымдылық кодын тауып, әлемдегі ең үздік парфюмді жасау деген биік мақсат қойды», – дейді AI Spirit жобасының теңқұрушысы Сергей Полин.
Жобаға кәсіби парфюмер Вероника Ямилова да қатысқан. Ол нейрожүйе ұсынған деректерді толыққанды өнімге айналдыруға көмектескен.
– Бұл – құр алгоритм емес, иістер мен эмоциялар арасындағы көзге көрінбейтін байланыстар картасын қолмен ұстауға мүмкіндік беретін құрал, – дейді Ямилова.
SD-1 хош иісінің құрамы:
Ирис
Жасмин
Қызғылт бұрыш
Тубероза
Бұл иіс қазіргі уақытта бөлме спрейі ретінде қолжетімді. Команда туалет суын сертификаттауды бастап кетті және шектеулі тиражбен сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.
Болашақта AI Spirit жобасы брендтердің сұранысы бойынша парфюмдер жасап, тіпті әрбір қолданушыға жеке әтір таңдауды мақсат етіп отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!