Sputnik. Жазбаша жұмыстарда жасанды интеллектті пайдаланған оқушылар тексерілуі мүмкін.
Білім министрлігі мен Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы мектеп пен колледждерде жасанды интеллект қолдану стандарттарының жобасын әзірледі.
Жоба бойынша студент өз бетінше жазуы керек, ал ЖИ–мен өзгерістерді түсіндіре отырып редакциялауға болады.
Жасанды интеллект рұқсат берілген тапсырмаларда педагог білім алушының ең аз дербес үлесін және оны растау өлшемдерін белгілейді.
Жасанды интеллектінің көмегімен жасалған немесе өңделген кез-келген мәтін құрал, нұсқа, пайдалану режимі және өңдеу сипаты көрсетілген таңбалануға жатады.
Егер авторлыққа күмән туындаса, ауызша қорғау, жұмыстарды салыстыру және жасанды интеллектті қолданбай қосымша тапсырмалар беру міндетті болып табылады.
Жобалау және зерттеу жұмыстарында редакциялау үшін жасанды интелектті қолдануға болады. Бірақ оған негізгі идеяларды, дәлелдерді немесе тұжырымдарды жасатуға тыйым салынады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!