Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мәдиев бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!