Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне белгілі қоғам белсендісі, жайдарманшы Басаров Әліби Төлепбергенұлы тағайындалды.
Әліби Төлепбергенұлы 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. «Болашақ» университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алған.
Алғаш еңбек жолын 2012 жылы «Қызылорда жастары» қауымдастығының жоба үйлестірушісі болып бастады;
2013-2014 жылдары «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының әкімгері;
2014-2017 жылдары облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қалалық бөлім басшысы;
2017-2019 жылдары қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің кеңесшісі;
2019-2020 жылдары «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі;
2016-2021 жылдары «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының директоры;
2021 жылдан бастап Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар шығармашылығын және бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы;
2022-2024 жылдары Қалалық қоғамдық даму бөлімі КММ-нің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры болып қызмет атқарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!