Парламент Мәжілісі «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды.
Мәжілісте бірнеше заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу туралы шешім қабылданды. Соның ішінде заңнамаға әскери-партиоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді көздейтін заң боасы бар.
«Бұл заң жобасын Парламент депутаттарының тобы бастамашылық етіп, әскери-париоттық ұйымдарды тарта отырып, азаматтарды, оның ішінде мектеп оқушылары мен жастарды әскери-патриоттық тәрбеиелеу жөніндегі жүйелі жұмысты жүзеге асыру үшін құқықтық ая құру үшін әзірлеген. Комитет осы заң жобасын қарастырып, қорытынды әзірлеуге дайын», – деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан палатаның жалпы отырысында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!