Мемлекет басшысының мәлімдемесі алға қойған міндеттерді айқындап берді. Қарапайым халықтың әлеуметтік мәселесі, бұқара мен атқарушы биліктің арасындағы байланыс, осы уақытқа дейін жасалған реформалар мен кемшіліктер айтылды.

Соның ішінде елді мекендер мен шалғай ауылдардан шыққан дарынды жастарға бөлінетін арнайы гранттар мен елімізде 2025 жылға дейін кем дегенде бес халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындарының филиалын ашу міндеттелді.

Техникалық салада үздік мамандарды даярлайтын оқу орындарын ашу және «Жастар тәжірбиесі» бағдарламасын жалғастыру арқылы жоғары оқу орнын бітірген түлектерді жұмыспен қамту сынды мәселелер көтерілді. Бұл міндеттер еліміздің жарқын болашағының кепілі болары анық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!