«АМАNАТ» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібінде төмендегідей 3 мәселе қаралды.
- Жастарды қолдау бойынша облыстық кеңестің жаңа құрамымен таныстыру, жылдық жоспарды бекіту.
- Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылық деңгейін төмендету бойынша атқарылған жұмыстары.
- Талантты жастарды қолдау, жастар шығармашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен жоспарлары.
Шараға жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган мен БАҚ өкілдері қатысты. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша кеңес төрағасы Әсетхан Қазиханұлы кеңестің жаңа құрамымен және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Кеңес отырысында Қызылорда облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Альдешов Рауан Қырымұлы кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылық деңгейін төмендету шараларына тоқталып өтті.
Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы басшысының орынбасары Ділімбетова Рая Дөңесбайқызы талантты жастарды қолдау, жастар шығармашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері аталған тақырыптар аясында сұрақтар қойып, талқыланған мәселелердің шешімі нақтыланды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!