«АМАNАТ» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің қорытынды отырысы өтті. Кеңес жиынына «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының төрағасы Базартай Жандос Нұртайұлы, жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган мен БАҚ өкілдері және «Жастар Рухы» ЖҚ оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

  1. Облыс көлемінде жастарға бағытталған әлеуметтік жобалар тиімділігін бағалау. 2025 жылға әлеуметтік қызметтер бойынша жастардан жинақталған сұраныстар бойынша ұсыныстар енгізу;
  2. Кеңес отырысы бойынша жыл бойы қаралған мәселелердің орындалуы бойынша талдау жасау. Орындалу деңгейі бойынша 2026 жылға ұсыныстар енгізу.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Жастарды қолдау бойынша кеңес төрағасы Баймұрза Әсетхан Қазиханұлы хабарлама жасап, 2025 жылы кеңес мүшелері көтерген мәселелерге тоқталып, олардың шешілгені мен келер жылдың еншісіне өткенін баяндады.

Сонымен қатар, кеңес мүшелерінің 2026 жылға өз ұсыныстарын жеткізуін сұрады.
Мұнан соң «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының төрағасы Базартай Жандос Нұртайұлы жастардың бүгінгі өзекті мәселелерін тілге тиек етіп, жиын қатысушыларын бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері 2026 жылға өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, жан-жақты талқылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!