Бүгін жастарды қолдау жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда жастар арасындағы есірткіге қарсы күрес, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олармен жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері қаралды.
Жиында кеңес мүшелері өзекті проблемаларды саралап, тиімді профилактикалық тетіктерді күшейтуге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Құқық қорғау органдары және қоғамдық бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
«Қазіргі уақытта есірткінің ірі партияларын өткізу, тасымалдаумен, жөнелтумен айналысатын қылмыстық топ өкілдерінің заңсыз іс-қимылы тиылды. Полиция Департаменті өз құзіреттілігі шегінде нашақорлықтың алдын алуда қойылған міндеттерді орындау үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдаланып, есірткінің түбегейлі жоюға жұмыстар атқаруда» ,- деді өз баяндамасында Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Б.Б.Бағысов.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар жолданды. Олар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ауқымын кеңейтуге, жасөспірімдерді бос уақытын тиімді өткізуге ынталандыруға және ерте алдын алу тәсілдерін енгізуге бағытталған.
Кеңес мүшелері бұл бастамаларды іске асыру жастардың қауіпсіздігі мен амандығын арттыруға, қоғамдағы қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!