Украинадағы ұрыс кезінде ата-анасынан айырылған балалардың видеосы әнші Жазира Байырбекованың жүрегін елжіретті. Өнер иесі ұлты мен дініне қарамастан, тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәбилерді асырап алғысы келеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы әншінің өзі айтып берді. 

«Украинада соғыстан ата-аналары қайтыс болған бүлдіршіндердің видеосын көрдім. Кіп-кішкентай бөпелер. Сол рас болса, бізге рұқсат етілсе, 2-3 бүлдіршінді ұлтына да, дініне де қарамай, отбасымызға қабылдап, аналық махаббатымды берер едім», – деп ағынан жарылды Байырбекова. 

Әнші балаларды асырап алудың жолдарын білетін, көмек бере алатын адамдардан көмек сұрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!