Денсаулық сақтау министрлігінің «Жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасының құрамына парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша функцияны орындай алатын және шақыруларға қызмет көрсету бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысына қатыса алатын алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді.

Халықтың саны 100 000 адамнан тұратын моноқалаларда жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша дербес жедел медициналық жәрдем станциялары ұйымдастырылады. Дәрігерлік бригадалардың саны құрамына мамандандырылған (дәрігерлік), оның ішінде балалар қарқынды терапия бригадалары, бейінді бригадалар (кардиологиялық, педиатриялық) кіретін бригадалардың жалпы санының кемінде 25% -ын құрайды.

Бүгінде елімізде 1500-ге жуық жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның 18%-ы мамандандырылған дәрігерлік бригадалар. Талдау көрсеткендей, қанайналым жүйесінің аурулары мен балалардағы ауруларға байланысты қиындықтар жиі кездеседі.

Сондай-ақ жедел жәрдем станцияларына медициналық ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беріледі, бұл үйлестіруші ұйым үшін медициналық көмек көрсетуде интеграцияны қамтамасыз етеді. Жедел жәрдем станциялары 10 мың және одан аз халыққа шаққанда 1 бригаданың есебінен бригадалармен жарақтандырылатынын, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарындағы ЖМК бөлімшелері халықтың өтінішін ескере отырып, 35 мың және одан аз халыққа шаққанда 1 бригаданың есебінен бригадалармен жарақтандырылатынын естеріңізге саламыз.

Диспетчерлердің ауылдық елді мекендердегі шақыруларға қызмет көрсетуі үшін аудандық қосалқы станцияларға мамандар, сондай-ақ жақын маңдағы медициналық ұйымдардың санитариялық автокөліктері тартылуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша елді мекендерде ЖМК функциялары бірлесіп орындау шарты арқылы берілуі мүмкін.

Бұл инновациялар ЖМК қызметінің ел халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!