KAZINFORM – Жедел жәрдем қызметкерлерін дөрекі әрекеттерден қорғау үшін видеожетон тәсілін енгізілмек. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырсынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Біз бүкіл шақыртуларды тіркейтін видеожетон тағу тәсілін енгіземіз. Сол үшін №225-бұйрық шығардық. Әкімдіктер осы бұйрық негізінде қажетті қаражат бөлу керек. Жыл аяғына дейін кезең-кезеңмен осы жұмысты жүргіземіз деп ойлаймын.

Алматы да осы тәжірибені пысықтап көрдік. Бұл медицина қызметкерлерін де, кейбір дөрекі базбұзарларды да тәртіпке салады, – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!