“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалында жедел желі іске қосылды.
Егер сіз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы ақпаратқа ие болсаңыз, төмендегі байланыс нөміріне хабарласып, арыз-шағымдарыңызды жеткізе аласыз. Байланыс нөмірі: 87024730065.
Бұл жедел желі азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сізден түскен ақпарат міндетті түрде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.
Сіздің белсенділігіңіз – әділдік пен заңдылықты сақтауға қосқан үлесіңіз!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!