Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде мекеме бастығы подполковник Мақсұт Өтетлеуовтың қатысуымен саптық тексеріс өтті. Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы көрінісі – оның белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді.
Саптық тексерісті кадр саясаты тобының бастығы Гүлмира Алтынбек жүргізіп,
қызметкерлердің жазғы киім үлгісін киюге көшу дайындығы, жеке құрамның қызметтік куәліктерінің, төсбелгілерінің және нысанды киім элементтерінің түгелдігіне көз жеткізілді.
- Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы қызметкерлері үшін ауа-райы климаттық жағдайлар мен маусымды ескере отырып, киім нысаны белгіленген.
Сипаттамасы, айыру белгілері, кию тәртібі мен нысанды киімммен қамтамасыз ету нормасы ҚР заңнамасымен белгіленген. Нақтырақ айтсақ, ҚР ІІО ішкі қызмет Жарғысының бекіту туралы 2013 жылғы 01 сәуіріндегі № 213 бұйрығын және ҚР ІІМ –нің ҚАЖ комитетінің нұсқаулығына сай, бүгін мекеменің жеке құрамы жазғы уақыт киім үлгісіне көшті. Саптық тексеріс нәтижесінде мекеменің жеке құрамы жазғы киім үлгісіне толықтай дайындығы анықталды – деді, әділет майоры Гүлмира Алтынбек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!