Әлеуметтік желі қолданушылар желіде түрлі мәселелерді көтеремін деп өзінің өзге адамдармен жеке хат алмасуын жариялайды. Алайда мұның қылмыс екенін ескермейді. Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков жеке хаттарды жариялағаны үшін Қазақстан азаматының 2 жылға сотталып кетуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде бұрынғы сүйіктілерімен, туыстарымен немесе ата-анасымен арадағы әңгімені парақшасында жариялап, оны көпшілікпен талқылайтындардың қарасы көбейген. Заңгер мұның заң тұрғысынан да, этикет бойынша да дұрыс емес екенін айтты.

“Жеке хаттарды әлеуметтік желіде жариялаған азаматтарға жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 148-бабы (Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу) бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Жеке хаттарды жариялағаны үшін Қазақстан азаматы 2000 АЕК (7 864 000 теңге) айыппұл төлейді. Сондай-ақ 2 жылға дейін сотталып немесе 2 жылға бас бостандығынан шектелуі мүмкін. Сондықтан барынша сақ болу керек. Бұл этикалық тұрғыдан да дұрыс емес дүние. Бірақ елімізде бұған дейін сотталып жатқан адам болмағандықтан көбі оған мән бермейді. Бізде кей баптар заңда жазылғанымен қолданыста болмайды”, – дейді заңгер.

Желіде жеке хаттарын жариялағандар 8 миллионға жуық айыппұл төлейді_ Заңгер ескертті (3) (1)

Сонымен қатар Нұрсұлтан Орынбеков рұқсатсыз өзге адамның суретін желіге жариялаудың алдында бірқатар дүниені ескеру керегін айтты.

“Азаматтық кодексте 145-бап бар. Оған сәйкес, адамның рұқсатынсыз оның суретін жариялауға болмайды. Егер адам суретке өз келісімімен түссе, ол адаммен некеде болған болса немесе арнайы фотографқа ақша төлеп түссе онда суретте жариялауға рұқсат керек емес”, – дейді заң өкілі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!