ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие беру шарттарын жариялады.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда несие беру тәртібі бекітілген. Несиенің максималды сомасы 10 млн теңгені құрайды, жылдық 4 пайызбен 7 жылға беріледі.
«Алынған 10 млн теңгеге қосымша ақша қосуға болады. Бірақ мұны өз қалтаңыздан төлейсіз» деді Өскенбаев.
Несие шарттарында бастапқы жарна қарастырылмаған, бірақ көлік отандық өндіріс болуы керек.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттік бағдарламаның шарты бойынша бір адам екі жыл ішінде бірден артық несие ала алмайтынын айтты.
Оның үстіне мемлекеттік бағдарламаға кез келген банк қатыса алмайды. Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктер міндетті шартты ұсынды, оған сәйкес ЕДБ-де қарыз алушыларды қаржыландырудың жай-күйі мен мерзімін қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі болуы тиіс.
Жаңа жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2022 жылдың сәуір айының соңында іске қосылады деп күтілуде. Оның бюджеті бұрын қалдықтарды жинаудан жиналған 100 млрд теңгені құрайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!