фото: baq.kz
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2025 жылдың 9 мамырына жоспарланған парадқа қатысты кейбір жоспарларды жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың ең әсерлі сәті — оның әуе бөлігі болмақ.
Елдің бас алаңы үстінен ұшып өтетін 66 әуе техникасы дайындалып жатыр. Олардың қатарында майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының ұшақтары мен тікұшақтары бар. Қазір тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен әскери ұшқыштар ұшу кезіндегі барлық маңызды нюанстарды пысықтап жатыр. Мақсат — көрермендерді ұшудың үйлесімділігімен, әсемдігімен және техниканың қуатымен таңдандыру, — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!