Фото: wikimedia

2024 жылдың 25 қыркүйегінде таңертең әлсіз магниттік дауыл басталды. Сарапшылардың болжауынша бүгінгі геомагниттік дауыл ұзаққа созылмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша, бұл дауыл ғарыштық ауа-райының жалпы тұрақсыздығының салдарынан болды.

«Жерде бүгін-ертең әлсіз магниттік дауыл жүреді деп болжануда. Мұның негізгі себебі ғаламдағы ауа-райының әлсін-әлсін бұзылуы»,- дейді зертхана мамандары.

Сондай-ақ, зерттеушілер дауылдың 3-4 сағаттан аспайтындығын атап өтті.Жерде магниттік дауыл басталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 15:04

Фото: xras.ru

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!