Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мемлекеттік телеарна эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкіргені үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Құрметті достар! Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз. Әрбір азамат өзінің істегені үшін жауап беруі қажет. Мен кешегі «Хабар» арнасындағы «түкірік» үшін айыппұл төледім. Заң алдында барлық азаматтар тең болуы керек. Бұл аксиома! Сонда ғана әділетті қоғам құрамыз! Басқа да азаматтар заң алдында өз жауапкершілітерін сезінуі қажет. Әсіресе, халықтың игілігін жымқырып қойған олигархтар мен алпауыттар. Олардың жауапкершілігін біз көздеріне «шоқшитып» көрсетуіміз қажет! Әрбір адам өзгерісті өзінен бастауы тиіс. Әрқайсымыз өзгерсек, мемлекетті өзгертеміз! Мені қолданған азаматтарға көп рахмет! Мені сынға алған азаматтарға да ырзашылығымды білдіремін! Біз Біргеміз!», – деп жазды ол Facebook-тегі парқашасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!