Жезқазғанда «КамАЗ» маркалы жүк көлігі көпірден ұшып кетті. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қайғылы оқиға Жезқазғанның мыс балқыту комбинатына барар жолда орын алды. «КамАЗ» маркалы жүк тасығыш көлік көпірден ұшып кетті. «Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде сағат 14.05 шамасында «КамАЗ» автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік құралымен көпірден ұшып кетті. Жол – көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!