Фото: ҚТФ
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Сан-Паулу (Бразилия) ITF W75 турнирінің чемпионы атанды, – деп хабарлады Қазақпарат.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен италиялық Николь Фосса Уерго дода барысында барлығы төрт кездесу өткізіп, жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық-италиялық жұп турнирдің 1-ракеткалары, грекиялық Элени Христофи – италиялық Аврора Зантедешимен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Христофи – Зантедеши 6:3 есебімен басым түскенімен, Құламбаева – Уерго камбэк жасай алды – 6:2, 10:4. Финалдық бәсеке бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылды.
Осыған дейін Жібек пен Николь Аргентинада ITF жарысында екі рет финалға шықса, соның біреуінде жеңіп, екіншісінде ұтылған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның АҚШ чемпионатында жартылай финалдан тыс қалғанын жазған болатынбыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!