Алматыда әл-Фараби даңғылында бес көлік жол апатына ұшырады. Бұл жағдайға қала полициясы пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, 1975 жылы туған жүргізуші әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан.
«Денсаулығы күрт нашарлауына байланысты ол бір бағытта келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан», – деді полиция.
Мәліметке сүйенсек, көлік жүргізіп келе жатқанда ер адамның жағдайы кенет нашарлап кеткен, алдын ала диагноз – жүрек ауруы. Жүргізуші оқиға болған жерде көз жұмды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
