Шылым шегу, алкогольді өнім тұтыну, есірткі – бұл қоғам дерті. Күллі әлем елдері күрескен актуалды тақырып. Әлімсақтан мұсылман болып жаратылған қаны таза, жаны таза халық үшін зиянды әдеттер – болашаққа шабылған балтамен тең. Сондықтан, барша қазақ қоғамы бұл проблемамен белсенді күресуі тиіс!

Құрметті дос, сенің өмірің саған Тәңірден сыйланған тәтті сый. Өз өміріңді өзің жарға жықпа!  Сені бөгде біреулер зиянды әдеттерді тұтынуға шақырса, «ЖОҚ! – деп айтуды үйрен! 

Замандасым, есірткіге бір бас ұрсаң, арғы өмірің темір тор мен нашақорлар түрмесінде өтетінін ескертемін. Сен үшін уақытша ләззат сыйлаған әуестік, ертеңгі сенің мәңгілік өкінішіңе айналады. Қазірден бастап, – Зиянды әдеттерге «ЖОҚ» деп айтуды үйрен! Бұл ұстанымды ісіңмен дәлелде! Жаратушыдан  бүтін етіп берілген дене мүшеңе улы затты, никотинді ешқашан жолатпа!

Құрметті кәсіпкер! Ісіңіз алға басып, саудаңыздың берекесі артсын десеңіз, жастарға зиянды өнімдер сатқаныңызды тоқтатыңыз! Жасөспірімдер темекі, бір реттік қорқорды сұраса, «Жоқ, саған сатылмайды!» деп айтуды үйреніңіз.

Құрметті ата-ана! Балаңыз бос уақытын қалай пайдалануда осыған мән беріңіз. Мақсатсыз қаражат сұраса, «Жоқ, деп айтуды үйреніңіз!

Құрметті досым, замандасым! Сенің танысың немесе досың келесі біреуге «мына затты жеткізіп берші» деп өтініш айтса, «Жоқ» деп айтуды үйрен. Сен тасымалдаған зат – өзгенің де, сенің де өміріңді күл-талқанға айналдыруы мүмкін.

Құрметті ұстаздар, мектеп басшылары, тәртіп сақшылар! Зиянды әдеттерді түбімен жоя алмасақ та, оны тұтынушылар санын азайтуға тиістіміз. Сондықтан, баршамыз жабылып, «Жаман әдетке жол жоқ» деп айтып үйренейік, жалпылап күресейік!

#есірткігеқарсы,   #противнаркотиков

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!