Өмір – арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу – менің басты мақсатым. Ал өз мақсатыма жету үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге қарсы тұруыма менің күшім жетеді. Өзімнің күшті жақтарымды көрсете аламын.
Күнделікті өмірде өз-өзімді тәрбиелеп, алдыма мақсат қойдым. Мен есірткісіз өмірді таңдадым. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстаймын.
Өмір – көпір, от үстіне салынған,
Діңгектері зәндем отқа малынған.
Қорқу білме, аяқтарың таймасын,
Ойнап отпен, шарпу көрме жалыннан!
Бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сыйды маған сыйлаған кім?…
Әрине маған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарым – ол менің ата-анам. Сондықтан мен олардыренжітпеуім керек. Себебі, біріншіден ол маған “өмір” сыйлады, жарық дүниені көрсетті, мені өсірді, түн ұйқысын төрт бөліп, аялады. Мен анам сыйлаған өмірді лайықты сүруге тиіспін.
Ғажайып өмір! Сұлулық пен үйлесімділікті талап ететін тәтті өмір! Адам мен адамгершілікті қалайтын тамаша өмір! «Өмір» шынымен де тәтті, ғажап, тамаша. Алайда осы сұлулықты, ғажап өмірдің қадірін түсінбейтіндер көп қой. Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Дегенмен, әркімніңарманы әртүрлі екен. Түрлі ақпарат көздерінен аңғарсам, «есірткі» мәселесінің қаншалықты ауыр екендігін білдім. Бұл тақырыптағы мәліметтерде нашақорлық ауруына душар болғандардың жантүршігерлік көріністері және ондай жағдайға есірткінің кесірінен өзін-өзі жеткізгендігіне куә болдым. Нашақорларға анасы да, достары да, оқуы да қажетемесекен.Олардың бүкіл әлемі – есірткі.
Мен қазір жер бетінде «нашақорлық» деп аталатын зұлымдық жайлаған уақытта өмір сүрудемін. Бұл ауру – ағзасының ауыр психикалық және физикалық бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі қолдануға құмарлық. Алайда көпшілікті «қорқыныш» сезіміне баулитын заттар, жас балаларды қызықтырып, көбісініңөміріне «балташабады».
Неліктен адамдар нашақорға айналады? Оларды нашақорлыққа мәжбүрлейтін не? Мұнда қорқынышты алдау жатыр. Есірткі сатушылар үлкен пайда табады, оларға сатып алушылар қажет, ал нашақорлар есірткі үшін кез-келген ақшаны беруге дайын. Сондықтан, жаңадан бастаушыларға бұл улану тегін ұсынылады. Бұл індет жақсы өмірге ешкімді жеткізбегенін түсінген адам ғана өзін батыл деп санай алады.
Есірткі – зұлым! Әрбірсаналыадаммұнытүсінеді. Еңбастысы – дер кезінде «жоқ» депайту. Адамныңмықтыішкіөзегі болу керек! Күштірух болу қажет! Адам – жекетұлға, ал жекетұлғаөзініңдаралығынкөрсетебілукерек! Есірткігежолжоқ! Дана бол! Өміркеремет! Мен өмірді қалаймын! Есірткісіз ғажайып өмірді қалаймын.
Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың басты парызы. Мен аңсаған арманыма жету үшін өмір бойы күресемін. Сені де ғажайып өмірге шақырамын.
#есірткігеқарсы
#противнаркотиков
Ақпейіл Маратқызы.
Жалағаш ауданы, №202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектеп оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!