Қазақстанда зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылық деңгейі соңғы уақытта күрт өсіп барады. Белсенділер мұны білім беру жүйесінің ішіндегі жабық әрі шешілмей жатқан мәселелермен байланыстырады. Олардың айтуынша, мектептер мен колледждерде жасөспірімдерден құралған ұйымдасқан топтар (ОПГ) пайда болып, кей жағдайларда жүйенің өзінен қолдау тауып отырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
NemolchiKZ қозғалысы жариялаған жазбада:
«Қоғамда зорлық-зомбылықтың өсуі кездейсоқ емес. Себебі, кейбір балалардың қылмыстық топтарға бірігуі – білім беру жүйесінің салдары. Ал жүйе мұндай жағдайларды жасырып, қоғамға тек жақсы көрініс көрсеткісі келеді. Полицияда да әрдайым “қолына пара берсең – мәселе шешіледі” дейтіндер табылады», – делінген.
Белсенділердің пікірінше, жүйелі жазасыздық пен жемқорлық қоғамдағы зорлық-зомбылықтың басты себебі болып отыр.
«Тек ашық жариялылық пен қоғамдық бақылау ғана осындай қылмыстарды тоқтата алады. Барлығы жақсы деп көрсету тәжірибесі – қоғам үшін қауіпті. Жазасыздық жаңа қылмыстарды туындатады», – дейді қозғалыс өкілдері.
NemolchiKZ таратқан хабарламада қылмысқа және оған қатысы бар адамдарға қатысты заңның бар қаталдығымен жауапқа тарту талап етілген.
«Мұндай жағдайларға жол бергендердің бәрі заң алдында жауап беруі тиіс. Біз қылмыс орнын дереу анықтап, кінәлілерді жазалауды талап етеміз!» – делінген үндеуде.
Белсенділердің айтуынша, ақпарат WhatsApp пен басқа мессенджерлер арқылы тез тарап, қоғамда кең талқылау тудырған.
Қоғам белсенділері мен педагогтар жүйелі өзгеріс қажет екенін айтады. Олардың пікірінше, білім беру жүйесіндегі бақылаудың әлсіреуі, тәрбие жұмысының формальді сипаты және құқық қорғау органдарындағы жемқорлық элементтері жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбеюіне тікелей әсер етіп отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
