Фото: Рixabay.com
Қазақстанда жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, рөлге отыратын азаматтарға жаза күшейтілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы полициясының мәліметінше, өзгертулерге сәйкес бұл ережені бұзған тұрғындар құжат алу үшін жеті жылға дейін емтиханға кіргізілмейді.
Сондай-ақ, енді жылдымдықты шамадан тыс асыратын жүргізушілерге 147 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде ережені қайта бұзған жүргізушілер 221 мың теңге төлейді. Ал күндіз көліктің жарығын жақпаған азаматтардың керісінше, жазасы жеңілдейді. Енді тәртіп сақшылары оларға алғашында ескерту жасаумен шектеледі. Ал оны елемегендер айыппұл арқалайды. Бұл өзгерістерді көпшілік қолдайды.
“Менің ойымша, күндіз фарларды жағуды ұмытып кеткендерге алдымен ескерту жасаған дұрыс. Өйткені оның аса бір жол қауіпсіздігіне кедергісі жоқ. Сондай-ақ жылдамдықты асырғандарға айыппұлды арттырған дұрыс. Соның кесірінен жол апаты да, адам өлімі де көп”, “Жолда керек. Өйткені көрінбейді Алыстан келе жатқан машина күндіз де көрінбей қалуы мүмкін. Ал қаланың ішінде жарықтың аса қажеті жоқ деп ойлаймын”, “Жарық жағу керек. Қыста күндіз бұлыңғыр, көру мүмкіндігі төмен болады. Ал кеш батқанда міндетті түрде жарық жағу керек”, – дейді адамдар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!