Қыс таяп келеді. Осыған байланысты жүргізушілерден көлік дөңгелегін қысқыға ауыстыру сұралды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқы қар жауып, жолдарда көктайғақ байқала бастады. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге бірнеше кеңес берді:

  • Көлігіңіздің дөңгелегін қысқы дөңгелекке ауыстырыңыз;
  • Тежегіш жүйесін, жарық пен аккумуляторды тексеріп шығыңыз;
  • Қысқы отынды пайдаланып, антифриз деңгейін бақылаңыз;
  • Жолда жылдамдықты шектеп, арақашықты сақтаңыз;
  • Рөлде асығыс шешім қабылдаудан, кенет бұрылудан аулақ болыңыз.

«Жол қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Ал 1403 бірыңғай байланыс орталығы әрдайым байланыста», – деді компания өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!