1 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы барлық көлік жүргізушісі қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Жол ережесіне сәйкес қыста жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қанша теңге айыппұл салынады?
Заңға сәйкес 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көлік міндетті түрде қысқы дөңгелекпен жүруге тиіс. Бұл талапты орындамаған жүргізушілерге шара қолданылады. Бірінші рет ереже бұзған жағдайда жүргізуші 5 АЕК, яғни 19 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды.
Ал бұл жағдай қайталанса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін өсіп, шамамен 79 мың теңге айыппұл салынады.
2026 жылы АЕК қалай өзгереді?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгереді. Ол 4 325 теңге (2025 жылы бұл – 3 932 теңге) болады. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерген соң айыппұл көлемі де өзгереді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
