Азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету. Бұл аталған міндеттер облыстық жұмылдыру дайындағы басқармасының тікелей қызметі. Аталған басқарма маңызды мәселелердің бел ортасында жүреді. Биыл 3 нысанда қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жоспарға енгізіп, Арал ауданындағы 2 нысан бойынша жұмыстарды бастап кетті. Сондай-ақ 2024 жылдың мамыр айында Сырдария өзенінің су шаруашылығы нысандарына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жөндеу жұмыстарын қажет ететін 14нысан анықталған. Бұл туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Марат Құрманбаев хабарлады.

-Тиісті құзырлы органдардың ұсыныстарымен 1-ші кезекте жөндеу жұмыстарын қажет ететін учаскелер нақтыланып, қажетті қаржы көлемі есептелуде. Нәтижесімен бюджеттік өтінім әзірленіп, облыстық экономика және қаржы басқармасына тапсырылатын болады. Биыл Батыс Қазақстан облысында орын алған су тасқыны жағдайына байланысты көмек көрсету мақсатында облыс бойынша барлығы 152 техника, 30 су тарту құрылғысы, 8 жүзу құралы, 617 адам күші жұмыс жасады,- деді Марат Ердәулетұлы.

Брифинг барысында басқарма басшысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

-Аймақта Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында 2024 жылы көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Көктемгі заласыздандыру жұмыстары 9-шы сәуір мен 24-ші маусым аралығында жүргізілді.
Жалпы облыс бойынша залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігі 98,1% құрап отыр,- деді Марат Ердәулетұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!