Қазақстанда жұмыс беруші жас жұмысшылар үшін сынақ мерзімін алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз жас маманды үш айдан кейін жұмыстан шығаруға болатын сынақ мерзімін жойғымыз келеді. Осы норманы қарастырып, ұсынып, қабылданса, жастардың жұмысқа орналасуына да оң әсер етеді деп ойлаймын», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, министрлік Еңбек кодексіне өзгерістер енгізуге бастамашылық етіп жатыр. Сондай-ақ «жас қызметкер» ұғымын енгізу жоспары туралы айтты, бірақ бұл қандай жаңашылдықты білдіретінін нақтыламады.

Сынақ мерзімі – жұмыс берушінің қызметкердің кәсіби жарамдылығын тексеру үшін қызмет ететін уақыт кезеңі, көбінесе үш ай.

Егер жұмыс беруші түпкілікті нәтижеге көңілі толмаса және қызметкер сынақтан өтпеді деп есептесе, ол оны жұмыстан шығаруға құқылы. Бұл жағдайда қызметкер бұл туралы жұмыстан босату күнінен кемінде үш күн бұрын хабардар етілуге тиіс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!