Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Сыр медиа» ЖШС ұжымы атаулы мейрамды лайықты деңгейде атап өтті.
Директордың міндетін атқарушы Марат Аралбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, баршаға денсаулық пен табыс тіледі. Серіктестік ұжымы шара барысында ұлттық ойындардан сайысқа түсті. Салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, жас ұрпаққа үлгі етті.
Ұлттық киім киген журналистер арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру мен ләңгі тебу секілді ойындарға белсене қатысты.
Атап айтқанда, арқан тартыстан «Ақмешіт жастары» газеті ұжымына ешкім қарсы тұра алған жоқ.
Ал, қол күрестен жігіттер арасында Сыр медиа ЖШС әкімшілігінен Бақытжан Шайхназаров үздік деп танылса, қыздар арасындағы қол күрестен «Кызылординские Вести» ұжымынан Перизат Абдулазисова жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Гір тасын көтеруден «Ақмешіт жастары» газеті ұжымынан Мақсат Қосымбаев үздік нәтиже көрсетсе, ләңгі тебуден «Кызылординские Вести» ұжымынан Жәнібек Исаев қарсыластарын қапы қалдырып кетті.
Шара соңында журналистерге ауызашар ұйымдастырылып, бас тағам – наурыз көже ұсынылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!