Фото: Пресс-служба МИД Казахстана

Sputnik. Биыл жыл басынан бері 10 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 138,5 мың этникалық қазақ оралды.Биыл жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы (47,5%) Қытайдан, 37% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 5,2% – Моңғолиядан, 3,2% – Рессейден және 1,3% басқа елдерден.

Олардың 59%-і еңбекке қабілетті жаста. Бұл санаттағылардың 17,4%-і жоғары білімді.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды, олар – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қоныстандыру өңірлерінде қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамға бөлінді. Бұл квота бойы 1937 қандас қоныс аударды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!